Нестерова Елена Викторовна

Каспий қоғамдық университеті «Әділет» жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры; ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері
БІЛІМІ:

Қазақ мемлекеттік заң университеті, «кәсіпкерлік құқық» мамандығы (1996-2000 жж.)
Заң ғылымдарының кандидаты (2006 ж.)

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2000 - 2007
ҚазГЗУ Алматы заң академиясы азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент м.а.
2006 - 2010
«Құқықтық зерттеулер және талдау институты» ЖШС басқарушы серіктесі, ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
2007 - қазіргі уақытқа дейін
Каспий қоғамдық университеті «Әділет» жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры
2013 - қазіргі уақытқа дейін
«Объединенные Консультанты» заң фирмасы» ЖШС серіктесі
2013 - қазіргі уақытқа дейін
ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері
ТІЛ БІЛУІ:
Орысша.

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ:
Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Мемлекеттік меншік, инвестициялар, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, шарттық құқық және азаматтық құқық пен жер қойнауын пайдалану құқығының басқа да мәселелері бойынша 100-ден астам жарияланған еңбектің авторы.
Азаматтық-құқықтық блоктың 50-ден астам заң жобасын әзірлеуге және ғылыми-құқықтық сараптауға қатысты.
ҚР ҰКП «Атамекен» Арбитраждық орталығының, АХҚО ХАО-ның және басқа да бірқатар институционалдық арбитраждардың төрешісі (40-тан астам шаруашылық дауы қаралды).
Халықаралық арбитраждық талқылаулар мен шетелдік соттарда қазақстандық құқық жөніндегі сарапшы; ҚР Конституциялық Соты мен ҚР сот инстанциялары үшін сараптамалық қорытындылар берді.
«Кәсіби заң консультанттары палатасының» заң консультанты; ҚР Әділет министрлігінің ғылыми сарапшылар тізілімінде тұрады; «ZanSar» сараптамалық-құқықтық зерттеулер институтының сарапшысы.
«Заңнама институтына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен, «Әділет органдарының үздігі» ведомстволық наградасымен марапатталған.
© 2026 «Тұран» халықаралық төрелік орталығы
Мекенжай
Астана қ. Хат-хабар жіберуге арналған мекенжайды жауапты хатшыдан нақтылауыңызды сұраймыз.
Байланыс
Жауапты хатшы:
Галина Берембекова
Тел.: +7 701 999 0885
Email: turan.arbitration@gmail.com