Борисов Владимир Михайлович

Отставкадағы ҚР Жоғарғы Соты судьясы
БІЛІМІ:

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1980 ж.).

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕС

1982 - 1986
Қызылорда қалалық халық сотының халық судьясы.
1986 - 1987
Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары.
1988 - 1995
Қызылорда облысы Әділет басқармасының бастығы.
1995 - 1997
ҚР Әділет министрінің орынбасары.
1997
ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу агенттігінің директоры.
1997 - 1998
«АТК» зейнетақы активтерін басқару компаниясы» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
1998 - 2002
Алматы облыстық сотының судьясы.
2002 - 2004
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы.
2004 - 2015
ҚР Жоғарғы Соты қадағалау сот алқасының судьясы (мамандануы – сот практикасында жер және экология заңнамасын қолдану).
02.2015 - 03.2018
«ҚазТрансГаз» АҚ заң департаментінің директоры.
07.2018 - 07.2020
«Қазақстан Құрылысшылар Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.
«ҚР ҰКП Арбитраждық және төрелік талқылау орталығы» ЖМ және «Арбитраж және медиация орталығы» ЖМ төрешілер мен төрелік судьялар тізілімінде тұрады.
2017 жылғы 26 қазандағы № 17018343 адвокаттық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы бар.
ТІЛ БІЛУІ:
Орыс тілі.

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ:
Астана қ., ҚР

ҚР құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеуге (1994 ж.), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жүйесін әзірлеу мен құруға (1996 ж.) тікелей қатысты.
Қазақстанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін құру жөніндегі Дүниежүзілік банк жобасының басшысы (1996-1997 жж.).
«Сот әкімшілігінің республикалық автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты (2003 ж.); бірқатар заң жобаларын дайындау жөніндегі жұмыс топтарында болды (1995-2015 жж.).
Қазақстандағы Еуропалық Одақтың халықаралық жобаларын іске асыруға қатысты: «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық жүйені қолдау».
© 2026 «Тұран» халықаралық төрелік орталығы
Мекенжай
Астана қ. Хат-хабар жіберуге арналған мекенжайды жауапты хатшыдан нақтылауыңызды сұраймыз.
Байланыс
Жауапты хатшы:
Галина Берембекова
Тел.: +7 701 999 0885
Email: turan.arbitration@gmail.com